ҚАТЫСТЫ
БӘРІМІЗГЕ
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша азаматтық науқан

Бәрімізге

қатысты жағдай

Біз қалай ойланамыз?

Біз әдетте қалай ойлаймыз? «Әйтеуір тусаң болды, ол адам болып кетеді». «Паспортқа ие болсаң, елдің азаматы боласың». «Неке сарайына барсаң, әйел немесе күйеу атанасың…».

Кем дегенде бір апта некеде болып көрген жандардың бәрі оның олай еместігін біледі. Отбасы мүддесін өзіңдікіңнен жоғары қоятын болсаң, нағыз ерлі-зайыпты атанасын. Ал елдің мүддесін бірінші орынға қойсан азамат атанасың.

Ал адам болу дегеніміз нені білдіреді?

Адам

Бір студент белгілі антрополог Маргарет Мидке "Адамзат мәдениетіндегі өркениеттің алғашқы белгісі қай кезден бастау алады?",- деп сұрақ қойыпты.

Ол ілгекті қармақ пайда болып, алғашқы қыш құмыралар мен қайрақ қолданыла бастаған кезді мысал етеді деп ойлаған.

Сонда профессор Мид: "Ежелгі мәдениеттегі өркениеттің алғашқы көрінісі - адамның сынып, қайта біткен жамбас сүйегі",- деген екен.

Профессор Мид жануарлар әлемінде аяқты немесе жамбасты сындыру - көп ұзамай ажал құшу екенін, қозғалысы шектелген адам қауіп-қатерден қашып құтыла алмайтынын, өздігінен аң аулап, тіпті, суатқа да бара алмайтынын, кез-келген жыртқышқа жем болып немесе ашығып, ажал құшатынын түсіндіре отырып, "жамбас сүйектің бітуі - бүкіл адамзат өмірінің өркениет бастауы" екенін дәлелдеп беріпті.

Ең мықтының ғана аман қалуы, - джунгли заңы бар жерде - адамның сынып, сосын, қалпына келген жамбас сүйегі табылмағанын түсіндірді. Жамбас сүйегі - адам ағзасындағы ең ұзын, жамбас пен тізені байланыстыратын, заманауи медицинаның көмегінсіз алты ай мезгіл ішінде өсетін сүйек. Сынып, қайта қалпына келген жамбас сүйек - жарақат алған адамға әйтеуір біреудің көңіл бөлгенін, жарасын таңып, оны қауіпсіз жерге орналастырғанын, жаралы адам айыққанша оны тамақтандырып, қамқорлығына алғанын білдіреді.

Өркениеттің алғашқы белгісі саз құмыра емес, қайта біткен жамбас сүйегінің сынуы кезінде көрсетілген жанашырлық.

Адамның адамгершілігі қиын сәтте басқаға жасаған жақсылығында.

Таңдау

Сенің мүдделерің (оқу, мансап, табыс мүдделері және отбасының, мемлекеттің мүдделері) мен адам болу қажеттіліктерің сәйкес бола алады ма? Басым бөлігінде таңдауға тура келеді.

Президент Тоқаев: «Бәріне қатысты» деу арқылы барлығы өз еркінен тыс таңдау жасауға міндеттелген жағдайда екендігін меңзейді. Орын алатын оқиғалардан назардан тыс қалдыру — ол да таңдау.

Бірақ ненің таңдауы?

Бұл — өмір сүретін әлемді таңдау. Әркімнің өзіне тиесілі кішкентай әлемі бар: отбасы, достар, оқу, жұмыс. Орын алып жатырған оқиғаны, табиғи апаттан зардап шеккен жандарды елемеу: «Иә, мен өзімнің кішкентай әлеміммен шектелемін. Мені басқа ештеңе алаңдатпайды. Көбісі солай өмір сүреді - бұл қалыпты жағдай. Үлкен әлем үшін таңдау жасайтын жандар менсіз жеткілікті «, — дегенді білдіреді.

Үлкен әлем

Жаңа адамдар жастар қозғалысы «Бәрімізге қатысты» орталықтарын ашты. Бір қарағанда біз жәй киім-кешек, азық-түлік, бірінші қажеттілік заттарын жинап отырғандай көрінеміз.

Біз оқиға орындарында топтар құрып, оларды суы, жарығы, жылуы, электр қуаты, тамағы жоқ көмекке мұқтаж жерлерге жіберіп жатырған секілдіміз.
Негізінде мүлде олай емес. Біз адамдарға ЖЕКЕ МҮДДЕЛЕРІНЕН тыс әлемді көруді ұсынамыз. Біз баспана, жылу, қауіпсіздік мәселесі минут сайын шешіліп жатқан апатты аймақтарға барып, еріктілер жіберудеміз, шын мәнінде әр минут сайын “Біздің адамшылығымыз бар ма?” сұрағына жауап аламыз.

Біздің кім екендігіміз қазіргі сәтте шешілуде

Бүгінгі таңда Қазақстандағы әр адам “қол ұшын созу немесе жоқ” таңдауын емес, адам болу мен азамат болу таңдауын жасау үстінде. Енді Президент Тоқаевтың “Бәріне қатысты” фразасын басқаша түсінуге болады, себебі, “Сен кім болып өмір сүруді таңдайсың?” сұрағы расында барлығымызға қатысты, тіпті сен теледидар қоспай, өзіңнің тыныш әлеміңде өмір сүріп жүрген болсаң да.

Сен қандай көмек көрсете аласың?

Бізбен бірге апат болып жатқан аймақтарға барып, су тасқынымен күресіп, зардап шеккен жандарға көмек қолын соза аласың
Жинаған гуманитарлық көмекті «Бәрімізге қатысты» орталықтарына әкеле аласың
«Бәрімізге қатысты» орталықтарының жұмысы мен іс-шараларына қатыса аласың
Тетікшені басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге және құпиялылық саясатқа келісім бересіз
Рахмет! Деректер жіберілді
Сен қандай көмек көрсете аласың?

Саған қатысты

болса, тіркел

1. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Сайт - Асель Жанбулатовна Баденоваға тиесілі ғаламторда http://barimizgeqatysty.kz мекенжайы бойынша орналасқан интернет-ресурс.
Сайт әкімшілігі – сайтты басқаруға, пайдаланушылардың дербес ақпараттарын өңдеуге және дербес деректермен басқа да әрекеттерге уәкілетті Баденова Әсел Жанбулатқызының атынан әрекет ететін қызметкерлер.
Пайдаланушы – дербес ақпаратты кейіннен Сайт Әкімшілігіне беру мақсатында Сайтта жеке ақпаратты беру нысандары арқылы өзінің дербес мәліметтерін орналастырған жеке тұлға.
Дербес ақпаратты беру нысандары - бұл пайдаланушы өзінің дербес ақпаратын Сайт әкімшілігіне одан әрі беру мақсатында орналастыратын арнайы нысандар.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Бұл Құпиялылық саясаты Сайт Әкімшілігінің ресми стандартты құжаты болып табылады және Сайттағы Кері байланыс нысанын пайдаланатын жеке тұлғалар туралы ақпаратты өңдеу және қорғау тәртібін анықтайды.
2.2. Осы Құпиялылық саясатының мақсаты Пайдаланушы туралы ақпаратты, оның ішінде оның дербес деректерін рұқсат етілмеген қол жеткізуден және жария етуден қорғау болып табылады.
2.3. Пайдаланушылар туралы ақпаратты жинауға, сақтауға, таратуға және қорғауға байланысты қатынастар осы Құпиялық саясатымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
2.4. Құпиялылық саясатының ағымдағы нұсқасы Сайт әкімшілігі әзірлеген жалпыға қолжетімді құжат болып табылады және кез келген Ғаламтор желісін пайдаланушыға «Құпиялылық саясаты» гипермәтіндік сілтемесін басу арқылы қол жетімді.
2.5. Сайт әкімшілігі осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.
2.6. Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізілген кезде Сайт әкімшілігі http://barimizgeqatysty.kz сайтында Құпиялық саясатының жаңа нұсқасын орналастыру арқылы Пайдаланушыны хабардар етеді.
2.7. Кері байланыс нысанын пайдалану арқылы Пайдаланушы осы Құпиялық саясатының шарттарымен келіседі.

3. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ШАРТТАРЫ МЕН МАҚСАТЫ
3.1. Пайдаланушының аты-жөні, телефон нөмірі, жасы, тұрғылықты жері сияқты дербес деректері Пайдаланушының келісімімен Пайдаланушымен Сайт әкімшілігіне беріледі.
3.2. Пайдаланушының дербес деректерді кері байланыс нысаны арқылы Сайт әкімшілігіне беруі Пайдаланушының дербес деректерін беруге келісімін білдіреді.
3.3. Сайт әкімшілігі Пайдаланушының аты-жөні, телефон нөмірі, жасы, тұрғылықты жері сияқты дербес деректерін, сондай-ақ оның өз өтініші бойынша ол берген Пайдаланушы туралы кез келген басқа қосымша ақпаратты жинайды және өңдейді.
3.4. Дербес деректерді өңдеу келесі принциптер негізінде жүзеге асырылады:
а) дербес деректерді өңдеу мақсаттары мен әдістерінің заңдылығы және адал ниеттілігі;
б) дербес деректерді өңдеу мақсаттарының дербес деректерді жинау кезінде алдын ала анықталған және мәлімделген мақсаттарға сәйкестігі;
в) өңделген дербес деректердің көлемі мен сипатының дербес деректерді өңдеу әдістері мен мақсаттарына сәйкестігі;
Пайдаланушының кейбір әрекеттері сервер журналдарында автоматты түрде сақталады:
IP-мекенжайы;
Веб-шолғыш түрі, қондырмалары, сұрау уақыты және т.б. туралы деректер.

4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
Пайдаланушының дербес деректері тек электронды тасымалдағыштарда сақталады және қатаң түрде осы Құпиялылық саясатының 3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылады.

5. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ
5.1. Пайдаланушының дербес деректері қажет болған жағдайлардан басқа кез келген үшінші тұлғаларға берілмейді:
Заңды сақтау, нормативті-құқықтық актіні, сот шешімін орындау үшін;
алаяқтықты анықтау немесе алдын алу үшін;
сайттағы техникалық ақауларды жою үшін;
уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрау салулары негізінде ақпарат беру үшін.
5.2. Мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сұрау салуы бойынша Пайдаланушының дербес деректерiн беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

6. ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ
Сайт әкімшілігі Пайдаланушының жеке деректерін рұқсатсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету үшін техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар қолданады.

7. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ СҰРАНЫСТАРЫ
7.1. Пайдаланушы Сайт әкімшілігіне өз сұрауларын, оның ішінде осы Құпиялылық саясатының 3-тармағында көзделген оның дербес деректерін пайдалану/жоюға қатысты сұрауларын 1-тармақта көрсетілген мекенжайға жазбаша түрде жіберуге құқылы.
7.2. Пайдаланушы жіберген сұрауда келесі ақпарат болуы керек:
– Пайдаланушының немесе оның өкілінің жеке басты сәйкестендіру құжатының нөмірі;
– көрсетілген құжаттың берілген күні және оны берген орган туралы мәліметтер;
– Кері байланыс нысаны арқылы тіркелген күні;
– еркін нысандағы сұрау мәтіні;
– Пайдаланушының немесе оның өкілінің қолы.
7.3. Сайт әкімшілігі сұрауды алған күннен бастап 30 күн ішінде Пайдаланушының сұрауын қарауға және оған жауапты жіберуге міндеттенеді.
7.4. Әкімшіліктің Пайдаланушыдан алған барлық хат-хабарлары (жазбаша/электрондық нысандағы өтініштер) қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатады және Пайдаланушының жазбаша келісімінсіз жария етуге жатпайды. Сұранысты жіберген Пайдаланушы туралы дербес деректер мен басқа да ақпаратты, алынған сұрау салу тақырыбына жауап беруден басқа немесе заңда тікелей көзделген жағдайлардан басқа пайдаланушының арнайы келісімінсіз пайдалануға болмайды.

8. ЖАҢАРТУ
Құпиялылық саясатының жаңартулары осы бетте жарияланады. Сайт әкімшілігі ресурсқа барлық келушілерден баяндалған Құпиялылық саясатын мұқият танысып шығуды сұрайды.

Құпиялылық саясаты